Windows ж?йесіндегі ж?мыс істеу негіздері

Сабақтың тақырыбы:Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері

Жоспары:

1Негізгі функциялары

2Негізгі ұғымдары

3Негізгі технологиялық принциптері

4Жұмысты аяқтау

Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздерінің басталу уақыты 1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

Негізгі функциялары[өңдеу]

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар.

Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  • компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

  • файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

  • қолданбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса WINDOWS жүйесі:

  • бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

  • әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;

  • масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;

  • мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;

  • біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады

Негізгі ұғымдары[өңдеу]

Терезе — экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады

  • толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

  • қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

  • белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

Негізгі технологиялық принциптері[өңдеу]

Енді Windows ортасының DOS технологиясында кездеспейтін кейбір технологиялық принциптерін атап өткен жөн болар.

Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс. MS – DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған еді, олар: менюжүйесі (көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын, иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды таңдау) және т.б.

Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып-үйрену қажеттілігін туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың программалық өнімдернің бәрінде де тұрақты пайдаланылатын тұрақты пайдаланылатын тұрақтыарасында алшақтық жетіп артылатын. Ал Windows жүйесінде көптеген іс-әрекеттер программалардың әр түрлілігіне қарамастан біртектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер көмегімен өңделетін болып, ортақ технология іске асқанын практика жүзінде көрсете білді. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесі экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті.

Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады

  • программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту және бұрынғы қалпына келтіру;

  • көлденең орналасқан меню командаларын таңдау;

  • экранға шығатын меню командаларын таңдау;

  • аспаптар тақтасы командаларын таңдау;

  • мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;

  • командалық батырманы басу, таңдау;

  • ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту;

  • мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасу өзгерту;

  • мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер.

Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен (текстің белгілі бір бөлігімен, суретпен, кестелермен) әртүрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады: — фрагментті көшіру, тасмалдау жою, олардың шрифтерін мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау т.б. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады. Ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек. Оның түріне немесе программа талабына сай фрагментті әр түрлі тәсілдермен белгілейді. Мысалы, мәтін бөлігін (символды, сөзді, жолды, абзацты, т.б.) тышқанның көмегімен немесе арнайы перне және бағыттаушы тілсызық символдар арқылы белгілеп алуға болады. Графиктік түрдегі фрагменттің белгілеуде, әдетте қайшымен қиюды қолднанады.

Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагментті тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай шерту жеткілікті – мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады, яғни орындалмайды.

Жұмыс істеуді жаңадан үйреніп жүргендер ешбір обьектіні белгілеместен команда орындауға тырысады. Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ?

  • кейде бұл команда орындаусыз қалады (мысалы буферге жоқ фрагментті алуға болмайды);

  • кейде команда ескерілмей еленбей де қалады (мысалы шрифті өзгертуде);

  • кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалыпта кетеді.

Сондықтан осындай қателерден аулақ болу үшін фрагментті алдын ала белгілеп алуды ешқашанда естен шығармау керек?

Мысалы егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, ондатышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, сол немесе оң жақ батырмасын баспы тұрып, жңа орынға бекітеді. Егер оны ауыстыру барысында пернесін басып тұратын болсақ онда жаңа орынға сол сурет фрагментінің көшірмесі орналасады. Осындай жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді. Мыс көп элементтерұқсас болып келеді күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін сызып алып (айталық тіктөртбұрыш) сонан соң режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін алуға болады. Ақырында осы әдіспен тасмалдау режимінде экрандағы элементтердің шеттерін тегістеп түзетуге болады.

Үлкейтілмеген терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстыру Көп жағдайларда тышқанның сол жақ батырмасымен бірге CtrI пернесін бассақ, онда программалық элементтерді бір топтан екінші топқа көшіруге болады; графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагменттің жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.

Әдетте, мұндай фрагмент ролін көбіне басқа графиктік файлдан мәтіндік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер атқарады;

  • Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментті басқа жерге ауыстыру немесе оның көшірмесін алу;

  • Суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу;

  • Мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ, сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене үшбұрыштың тасмалдау арқылы тағайындау;

  • Дайын шартбелгілер жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал-саймандар тақтасын құрастыру.

Қазіргі жүйелерде әдісін программалаушылар да жиі пайдаланыладыолар әртүрлі обьектілер жиынынан өздерінің программаларын балалар кубиктерінен суретбейнелер жинаған тәрізді құрастырады. Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезінде символдар бейнесін басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады. Бірақ мұнда көңіл аударарлық сәттер де жоқ емес. Windows жүйесі символдардың экранда бейнеленген олардың шеттерін нықтап анық етіп көрсетеді, ал қағазда таңбалар бейнесі дәл экрандағыдай болмай қалуы да мүмкін.Бұларды бірдей етіп көрсету үшін арнаулы операциялар қолданылады, олар туралы мәтін редакторларын оқу кезінде айтылады.

Жұмысты аяқтау[өңдеу]

МS (PC) DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютерді сөндіру ісі оп-оңай орындалады, оның ток келетін қосқышын ажыратса болатыны. Бұл мезетте кейбір прграммалар жұмысын ісьтеп жатса істеп жатса да, бұлай ағыту ешқандай келеңсіз жағдай тудырмайды.

Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет.

  • жұмыс істеп тұрған программаларды жабу (аяқтау);

  • Windows шығып жұмысты аяқтау ісін орындау..

Тек осыдан кейін компьютер өшіріледі Неге бұлай? Windows жүйесі комьпютер құрылғыларын толықь пайдаланып оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын файлдарды типі ТМП болып келетін файлдар) жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса ол файлдар өз-өзінен жойылады. Егер жұмыс жұрыс аяқталмаса ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.

Сондықтан Windows жүйесінің тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс. Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып белгіленіп тұрады бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғанының белгісі Енді Enter пернесін бассақ компьютер сол батмаға с Windows 95 жүйесінде сәйкес программаны орындайды.


WINDOWS ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
Windows жайлы жалпы мағлұматтар
Алдыңғы сабақтарда сіздер MS (PC)-DOS операциялық жүйесімен таныс
болдыңыздар. Ол сабақтардан MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс
істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір есепті ғана шығаратынын, оның
үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана
(RAM) пайдалана алатынын түсінген боларсыздар.
Әрине, операциялық жүйенің соңғы версиялары программаларға 1 Мб-тан
артық жедел жадты қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу
мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен
толтырылған болатын.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни
қолданылатын негізгі интерфейс рөлін командалық қатар атқарады. Бұл қатар
арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасыңдағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-
ді басқару үшін қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып
орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір
команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы
операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушьшар ғана тікелей
жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дөрежеге көтеріле алмайды.
Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасыңдағы байланысты жеңілдету
үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар құрастырыла бастады. Бірақ олар негізінен
текстік режимде (ең кең таралғандарының бірі — Norton Commander) жұмыс
істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын
командаларды термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырыдды.
Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен
жұмыс істеуді жендлдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып,
оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
5-және 6-сабақтарда біз ОС-тің негізгі үш түрі жайлы айтқанбыз (IBM,
Mac, DEC компьютерлері үшін).
DEC фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX
қолданылды, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын.
UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы болып,
оның бір мезетте бірнеше есепті қатар шығару мүмкіндігі, яғни бірнеше
программаларды параллель орындау қасиеті есептелді.
80-ші жылдардың ортасында MS (PC)-DOS-TbiH, мұндай кемшілігінен арылу
үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті
қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасау жұмысын қолға алды, солардың
бірі Windows жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп
таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен
түсіндіруге болады.
80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла
бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте
бүрынғы текстік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады.
80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің
көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан
кейінгі Windows 3.11 версиясы қондырылған MS-DOS операциялық жүйесі
орнатыла бастады.
Microsoft корпорациясының ОС жасау жолындағы келесі елеулі қадамы болып
ондағы фафиктік интерфейстің қондырылған программа күйінде емес, сол
жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені құру болып саналады.
Осылайша Windows 95 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды.
Windows 95 жүйесінің, соңдай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының
графиктік интерфейсі стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше
түрге енді, бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows
3.1-ден Windows 95-ке өту әрине Мs-ДОs-тан бірден Windows 95-ке өтуге
қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.
Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS
жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс
солардың тек бір қыры ғана.
Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3.іх (кез келген сан)
және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.

Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің
орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
— компьютердің барлық құрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;
— файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
— қолданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса Windows жүйесі:
— бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
— әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;
— масштаб бойынша өзгеріле алатын шрифтер қолдану;
— мультимедиа мүмкіндіктерін қолдану;
— жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдалану істерін
қамтамасыз ете алады.

Windows жүйесінің негізгі түсініктері
Терезе
Терезе — Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows
сөзінің нақты аудармасы «терезе» екені осыны білдіреді.
Терезе — экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі
программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және
басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесі экранды толығымен,
жартылай алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез
келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені
жабатын болсақ, дөл сол уақыт та дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп
тұрған программаның жұмысы да аяқталады.
Болашақта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың
жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің ортақ элементтері, қасиеттері
бар. Енді сол элементтермен танысайық.
Терезе жақтаулары (шекаралар) — бұл терезенің периметрі бойынша өтетін
тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып қатары
орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында Жүйелік меню батырмасы
орналасқан, ал оң жағында терезенің көлемін өзгертуге арналған батырмалар
бар. Тақырып қатарынан төменірек меню қатары орын алған. Ал меню қатарынан
төменгі төртбұрышты аудан — терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс
аумағында әр түрлі информация бола береді: орындалатын программа, өңделуге
арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі көлемі болады, сондықтан
информация көп болса, ол терезеге симай да қалады. Мұндай жағдайда
терезенің оң жақ шетінде (теменгі шетінде де) айналу сызықтары деп аталатын
элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне
симайтын информацияның бейнеленіп тұрғанын көрсетеді.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш
түрлі болады:
— толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
— қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін
алып тұрады;
— шартбелгі (пикгограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтілген
шартбелгіге айналып кеткен.
Жұмыс столы
Жұмыс столы — екінші негізгі түсінік болып саналады.
Жұмыс столы түсінігі қазіргі барлық операциялық жүйелер (Windows, OS2,
Macintosh компьютерлеріндегі OS, Sun компьютерлеріндегі OS, т. б.)
интерфейсінің элементі болып табылады.
Ол қандай болуы тиіс?
Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар,
меліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш,
т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр түрлі күйде
орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе
төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек
қолдануға, орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да
жүзеге асырылып отыр.
Windows ортасында жұмыс столының ролін дисплей экраны орындайды. Онда
жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары
шартбелгілер (немесе белгілер) түрінде орналасқан (1-сурет).
Өзіңіздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да
қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз. Қажетті құжаттарды,
құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда артық зат ұстамай жұмыс
істеуге көңіл бөлейік.
Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар
Шартбелгі (Icon) — бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген
графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны,
файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр шартбелгі белгілі бір терезеге сәйкес
келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады.
Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:
— қосымша программалар шартбелгісі;
— белгілі бір топтар шартбелгісі;
— функциялар шартбелгісі.
Жарлық (shortcut) — бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды
іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі
дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан
программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т. б.
Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар
және т. б.) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен
қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияңың кемегімен іске
асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) озі
орналастырылған болса, онда олардың бірін өшіру командасын қолданған кезде
ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан Shortcut шартбелгісін
орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық
файл өшіріледі де, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 95) және программалық
топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада:
каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда
қолданылатын контейнер болып табылады. Каталог — файлдарға арналған
контейнер, программалық топ — жеке программаларға арналған контейнер,
т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін.
Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, өшіру,
көшіру және т. б.).
Тышқан тәрізді графикалық сілтеме
Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады,
бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе
олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды
жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің жылжуымен сай келеді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында
негізінен (көбінесе) оның сол жақтағы, ал анда-санда оң жақтағы батырмасы
қолданылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы (егер бар болса) Windows
ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде қолданылады.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция — экран бетімен
сілтеменің қозғалуы (жылжуы) болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол
өздігінен ешқандай әрекет-амал орындамайды.
Келесі операция — сырт еткізу (Click). Бұл операция сілтемені экран
бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы,
сілтемені графиктік элементтің шартбелгісіне жеткізіп, енді басқа бір
операция орындауға болады. Сырт еткізу деп тышқанның сол жақ батырмасын
бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өткеніміздей,
Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ
батырмасы кеңінен қолданылады. Сондықтан, алдағы уақытта, тышқан батырмасын
жай сырт еткізу дегеніміз — тышқанның сол жақ батырмасын басып жылдам қайта
қоя беру болып табылады.
Бұл әрекет меню пункттерінің бірін тандау, объектілерді белгілеу немесе
қатар курсорын қалаған орынға жедел көшіру кездерінде және терезелерді
екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т. б. қолданылады.
Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам
түрде екі рет сырт еткізу әрекеті жатады (Doubleclick). Оның жұмыс істеуі
негізінен тышқанды жай сырт еткізу өрекетіне өте ұқсас, яғни тышқан
сілтемесі керекті элементке апарылғаннан соң, тез арада тышқанның
батырмасын екі рет сырт еткізу қажет болады. Бұл әрекет алғаш тышқанмен
жұмыс істей бастаған адамға күрделі операция болын табылады. Оның
ерекшелігі тышқавды екі рет жылдам сырт еткізу аралығында өте аз уақыт өтуі
тиіс, ол секундтың оннан бір бөлігіндей ғана уақыт. Егер ол аралықта көп
уақыт өтіп кетсе, онда Windows жүйесі бұл әрекетті жекеленген екі бөлек
сырт еткізу деп түсінеді. Ал егер бұл амал дұрыс орындалса, онда Windows
жүйесі бірден белгіленген операцияны (үнсіз келісім боынша, көбінесе
белгілі бір программаны, құжатты екпінді етіп іскеі қосу) іске асыра
бастайды.
Келесі операция — жылжыту (Drag & Drop). Ол терезелер мен
шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға жылжытады және
терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Объектілерді жылжыту
амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып,
тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап отырып,
сілтемені қалаған жаңа-орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз.
Осы айтылған тышқан тетігі комегімен орындалатын операциялар Windows
жүйесін басқаруға толық мүмкіндік береді.
Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар
арасында мәлімет алмастыру үшін компьютер жедел жадтың арнаулы бөлігін
алмасу буфері (Clipboard) ретінде пайдаланады. Буфер (дөнекер жад) әртүрлі
программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың
фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қоланылады. Тасымалданатын
мәлімет ретінде текст үзінділері (фрагменттер), сурет, кесте және т. б.
объектілер алынуы мүмкін.

Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
Енді Windows ортасының DOS технологиясында кездеспейтін кейбір
технологаялық принциптерін атап өткеніміз жөн болар.
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс. MS-DOS
операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған
еді, олар: меню жүйесі (көлденең, төмен түсетін, қалқын шығатын,
иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды тандау)
және т. б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан
оқып-үйрену қажеттілігін туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың
программалық өнімдерінің бөрінде де тұрақты қолданылатын стандартты
элементі болды (мысалы, меню пункттерін таңдаудың стандартты тәсілдері),
алайда, программалар арасындағы алшақтық жетіп артылатын. Ал, Windows
жүйесінде көптеген іс-әрекеттер программалардың әртүрлілігіне қарамастан
біртектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер көмегімен өңделетін
болып, ортақ технология іске асқанын практика жүзінде көрсете білді.
«Point-and-Click» (көрсетіп тұрып сырт еткізу) принципі. Бұл принцип
бойынша графиктік технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан
сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын сырт
еткізсек жеткілікті. Бұл тәсілмен төмевдегі … жалғасы


Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.

Ұқсас жұмыстар

WINDOWS жүйесі
Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар
Windows жүйесіндегі файылдар мен папкалармен жұмыс жасау
Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері
Терезенің аумағын өзгерту
Windows’98 операциялық жүйесi жайлы
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Информатика пәні дәрістер кешені
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі

Саба?ты? та?ырыбы:  Паскаль тілінде математикалы? есептер.

Саба?ты? ма?саты: 

       Білімділігі:    Паскаль-программалу тілі, ж?не оны? негізгі элементтері туралы айту,  

                               т?сіндіру. Паскаль программасында ж?мыс жасай білуге ?йрету.

       Дамытушылы?: Тез ойлап, ?тымды жауап ?айыра білуге, ж?йелі, еркін с?йлеу  

                                      да?дыларын дамыту, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру.

      Т?рбиелік:   О?ушыларды компьютермен ж?мыс жасата отырып, ?ауіпсіздік ережесін 

                             са?тау?а,??ыптылы??а,е?бекс?йгіштікке, ізденімпазды??а т?рбиелеу.

Саба?ты? типі: Жа?а білімді ме?герту.

Саба?ты? т?рі:  Аралас тип.

Саба?ты? к?рнекілігі: слайдтар, пара?шалар, компьютер, интерактивті та?та.

Саба?ты? технологиясы: компьютерлік технологиямен о?ыту.

Саба?ты? барысы:    1. ?йымдастыру кезе?і.

                                       2.  ?й тапсырмасын ?айталау   (тест активойдта).

                                       3.  Жа?а саба?ты т?сіндіру.

                                       4.  Компьютермен есептер шы?ару.

                                       5.  Саба?ты бекіту (слайд ).

                                       6.  ?й тапсырмасын беру.

Просмотр содержимого документа

«?ылыми ж?мыс. «Windows операциялы? ж?йесіні? айырмашылы?тары» »

Ба?дарламалы? –                        ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалы?                             О?улы?.

?амсыздандыру:                          Ж?мыс д?птері.

Саба?ты?  ма?саты:                  1. Windows-98 операциялы? ж?йесіні? ж?мыс ?стелі та?ырыбы бойынша о?ушыларды? білімі мен біліктілігін бекіту ж?не мауспен   манипуляциялау, Windows  терезелерін бас?аруды? негізгі ?рекеттерін ме?герту,  есептер та?тасын , менюді, бас?ару батырмаларын ??ынып ?олдануына к?з жеткізу, ж?мыс ?стеліні? ?асиеттерін баптауды игеру. Windows-98-ді? аны?тама ж?йесіні? м?мкіндіктерімен танысу. Windows-98 –де ж?мыс?а да?дылану?а берілген ба?дарламалы? жабды?таманы? аны?тама ж?йесі беретін айтарлы?тай к?мекті к?рсету. Аны?тамалы? ж?йеден м?лімет алу т?сілін о?ып білу. Экранда ?арап шы?уды, аны?тамалы? м?ліметтерді к?шіру мен басып шы?аруды игеру. Windows-98 аны?тамалы? ж?йесімен ж?мыс істеу біліктілігін ?алыптастыру.

                                                    2. О?ушыларды? Windows 98 ОЖ ж?мыс ?стелі, Windows терезесі т?сінігін,

                                                       Windows 98  аны?тама ж?йесімен ж?мыс істей білу ?абілеттерін  дамыту.

                                                    3. О?ушылар?а эстетикалы? т?рбие беру.                                                                       

Саба?ты? типі:                            К?рсетіп –т?сіндіру. Зертханалы? ж?мыс

Білім – біліктілікке                  О?ушылар білуі тиіс:

?ойылатын талаптар:                     — Windows терезесі т?сінігін;

                                                             — терезелерді к?рсету н?с?аларын;

— активті терезе т?сінігін;

— меню аны?тамасы мен ?асиеттерін;

— ?олданбамен ж?мыс істеу ?асиеттерін;

— файлдар мен ?апшы?тарды оларды? атауы мен атау   б?ліктері бойынша табуды;

— ба?ыттауыш дегеніміз не екенін ж?не оны ?алай ?олдану керек екенін ;

— аны?тамалы? ж?йені? ??рылымын;

— Windows 98-ді? аны?тамалы? ж?йесі дегеніміз не екенін;

— Windows 98 аны?тамалы? ж?йесіні? м?мкіндіктерін;

— аны?тамалы? а?паратты іздеу режімі мен ?дістерін;

— кез-келген ?олданбада аны?таманы ?алай ?олдану?а болатынын;

— аны?тамалы? ж?йесінен а?парат алу т?сілдерін.          

  • Herschalen

{$lang.please_wait}

Bedankt! Deel het met je vrienden!

URL

Je vind deze video niet leuk. Bedankt voor je feedback!

Sorry, only registred users can create playlists.

URL


Toegevoegd by beibut in Информатика Физико-математический факультет


462
Bekeken

Reacties zijn uitgeschakeld.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest

0 комментариев
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
  • Бесплатный дедик на windows
  • Gpsvc что это за служба windows 10
  • Как запустить 3proxy windows
  • Скайрим как поменять язык в консоли с русского на английский на windows 10
  • Bash download for windows